Кличко итальяндық боксшыны алтыншы раундта сұлатып салды

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокста IBF, IBO, WBO және WBA тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы чемпион Владимир Кличко өз атақтарын кезекті рет қорғап қалды,

Кличко итальяндық боксшыны алтыншы раундта сұлатып салды

деп жазады "Спорт-Экспресс".

Украиндық боксшы итальяндық Франческо Пианетаны айқын басымдықпен ұтты. Германияның Мангейм қаласында өткен жекпе-жекте украиндық боксшы айқас басталғаннан мысы басым екенін аңғартып, қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Осылайша Франческоның есін жиғызбай, алтыншы раундта сұлатып салды.

37 жастағы Владимир Кличко кәсіпқой бокста осымен 63 жекпе-жек өткізді, оның 60-да жеңіске жетті. 51 жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберіп, үш рет жеңілген.

Енді ол келесі жекпе-жекті ресейлік Александр Поветкинмен өткізеді деп күтілуде.

Кличко айқасқа дайын екенін бұған дейін бірнеше мәрте мәлімдеген, Поветкин түрлі себептерді алға тартып онымен кездесуден бас тартып келген еді, деп хабарлайды Baq.kz.