00:50, 26 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Кличко мен Фьюридің жекпе-жегі украиндықтың жарақатына байланысты кейінге шегерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қазанда Дюссельдорфта өткізілуі жоспарланған WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпиондары Владимир Кличко мен британдық Тайсон Фьюридің жекпе-жегі украиндықтың жарақаттануына байланысты кейінге шегерілді.
«Қадірлі фанаттарым, сіздерге амал жоқ, аздаған жарақатыма байланысты Тайсон Фьюримен айқасымды кейінге қалдырғандығымды хабарлауыма тура келіп тұр. Дегенмен осы жоспарланған кездесуге тыңғылықты дайындалудамын. Жаңа белгіленген уақытты білген бойда хабаралаймын»,-деп жазды Кличко "Инстаграмдағы" видеомәлімдемесінде.
Кличко жаттығулардың бірінде сол аяғының сіңірін созып алған.