Кличко Пулевпен өтетін жекпе-жек уақытын растады

«Кубрат Пулевпен болатын жекпе-жек уақыты анықталғанын қуана хабарлаймын. Ол 15 қараша өтеді. Жарақатымнан тезірек айығамын деген үмітім бар, бірнеше аптадан соң жаттығуларды да бастаймын», - деп жазған ол.
Еске сала кетейік, В.Кличко Австрияда жаттығу кезінде тізесін жаралап алған болатын, сол үшін болгариялық Кубрат Пулевпен 6 қыркүйекке белгіленген жекпе-жек кейінге қалдырған. Кличко Халықаралық боксшылар федерациясы (IBF), Дүниежүзілік боксшылар ұйымы (WBO) мен Дүниежүзілік бокшылар қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша 17-ші рет титулды қорғауы тиіс. Ол бұл атақты сегіз жылдан бері иеленіп келеді. Оның есебінде 62 жеңіс (53 нокаут), 3 жеңіліс бар. Кличко соңғы рет 26 сәуірде рингке шығып, австралиялық Алекс Леапаиді 5-раундта сұлатып салған болатын. Ал Пулев өткен жылғы тамызда америкалық Тони Томпсоннан басым түсіп, IBF-ге үміткер атанды. Содан бері екі рет жеңіске жетті. Оның есебінде - 20 жеңіс (11 нокаут) бар, еш жеңіліп көрмеген.