Кличко Януковичті ашық пікірсайысқа шақыруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Виталий Кличко Украина Президенті Виктор Януковичке Киевтегі Майданда ашық пікірсайыс өткізуді ұсынды. Бұл жайында шетелдік БАҚ хабарлауда.

Кличко Януковичті ашық пікірсайысқа шақыруда

Украина астанасының орталығында өтіп жатқан оныншы халықтық жиын барысында «УДАР» партиясының көшбасшысы В. Кличко Януковичпен өткен соңғы кездесуінде өзіне ашық пікірсайыс өткізу ұсынылғанын айтқан. «Мен ойланбастан «иә», деп жауап бердім. Дегенмен, мен де сол адамды халықтың ойын тыңдату үшін осы жерге шақырғым келеді», - деді В.Кличко. Сонымен қатар ол саяси дағдарысты бейбіт жолмен шешу үшін оппозиция қолынан келген істің барлығын жасайтындығын баса айтты. Кличконың сөзіне қарағанда, елдегі ахуалға жауапты жалғыз адам бар, ол - Янукович.