Кличконың Фьюримен қарымта жекпе-жегі 9 шілдеде Манчестерде өтетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина боксшысы Владимир Кличко мен Тайсон Фьюридің (Ұлыбритания) арасындағы жекпе-жек 9 шілде күні Манчестерде өтеді, деп хабарланды британдық боксшының твиттерінде.

 Кличконың Фьюримен қарымта жекпе-жегі 9 шілдеде Манчестерде өтетін болды

Бұған дейін Фьюри Дюссельдорфта Кличконы 12 раундтқа созылған айқаста жеңіп, сол арқылы IBF, IBO, WBO және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдарының иегері атанды. Фьюри кәсіби рингте 25 рет жеңген, оның 18-і - нокаут, ол бірде бір рет жеңілмеген.