Кличконың жұбайы жекпе-жек алдында Украинаның әнұранын шырқайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 сәуірде Владимир Кличко өзінің титулын қорғайтын болады. Украиналық УДАР партиясының көшбасшысы Виталий Кличконың зайыбы Наталья Кличко күйеуінің бауыры Владимирдің австралиялық Алекс Леапаимен жекпе-жегі алдында Украинаның әнұранын орындамақ.
WBO нұсқасы бойынша өзінің титулын қорғайтын украиналық пен Леапаи арасындағы дода германиялық Оберхаузенде 26 сәуірде өтпек. 40 жастағы Наталья Кличко өзінің әншілік жолын екі жыл бұрын бастаған болатын. Ол алғаш рет Мәскеуде Виталий мен неміс боксшысы Мануэл Чаррдың жекпе-жегі алдында ән шырқаған еді. Сол кезде атақты боксшының зайыбы американдық әнші Дженнифер Раш орындап жүрген композицияны айтты.