Климатологтар: Ресейде 50 жылдың ішінде 8 өңір су астына кетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы 50 жылда Ресейдің сегіз өңірі толықтай су астында қалады. РФ Орал федералды университеті (ОрФУ) Климат физикасы мен қоршаған орта зертханасының ғалымдары Ресей ғылым академиясы, Франция, Германия мен Жапония институттарындағы әріптестерімен бірлесіп осындай болжам жасады.
None
None

Климатологтардың пікірінше, жаһандық жылымық салдарынан мәңгілік мұздар ери бастайды. Су басу қаупінің алдында тұрған аймақтарға Қиыр Солтүстіктегі: Архангельск пен Мурманск облыстары, Ямало-Ненецк округі, Красноярск өлкесі, Якутия және Коми Республикасы кіреді.

«Түрлі халықаралық стансалардағы бақылау дерегі бойынша, мәңгілік мұз басқан Арктикадағы мұз қабатының температурасы соңғы 50 жылда қатты өзгеріске ұшыраған. Бұрын -10 градус шамасында болса, 2015 жылдан бастап -5 градусқа төмендеген. +1 градусқа жеткен уақытта  мұз қабаты еріп, барлығы опырылады. 50 жылдан кейін апатқа душар боламыз. Одан да тез орын алуы мүмкін, себебі қазір барлық үдерістер жоғары қарқынмен өрлеу үстінде», - деп түсіндірді ОрФУ Климат физикасы мен қоршаған орта зертханасының меңгерушісі Вячеслав Захаров.

Оның айтуынша, Батыс Сібір аумағында мұз қабаты жұқара бастаған. «Ямаладағы барлық қалаларды: Салехард, Новый Уренгой, Лабытнангилерді су басады. Сәйкесінше, барлық мұнай-газ өндіретін инфрақұрылымдар құрдымға кетеді», - деді ғалым. 

Соңғы жаңалықтар