12:16, 01 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Климатты құтқару үшін адамдар етті аз жеуі тиіс - ғалымдар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық ғалымдар Жер атмосферасына парниктік газ шығарындылары мен адамзаттың ет пен сүтті тұтынуында өзара байланыс бар екенін анықтады, деп хабарлады Би-би-си.

Кембридж және Абердин университеттерінің зерттеушілері азық-түлік өндірісі нәтижесінде парниктік газ эмиссиясы 2050 жылға қарай 80 пайызға өсетінін анықтады, бұл атмосфераға шығарылатын көмір қышқыл газы көлемін төмендету жөніндегі берілген өлшемдерге қол жеткізуге болмайды дегенді білдіреді деп болжам жасап отыр.
Ғалымдардың пікірінше, бұл үрдісті егер дамушы елдерде ауыл шаруашылығы өндірісі жақсарып, тағамдар лақтырылмайтын, адамдар етті аз жейтін болса ғана, тоқтатуға болады. Зерттеу нәтижелері Nature Climate Change журналында жарияланды.
Американдық ғалымдардың жақындағы зерттеулері жаһандық жылынудағы 1998 жылдан бері жалғасып келе жатқан «үзіліс» тағы да кемінде он жылға созылуы мүмкін.