Климаттың өзгеруі азаматтық соғысқа ұрындыруы ықтимал - ғалымдар пікірі
ВАШИНГТОН, 3 тамыз. ҚазАқпарат - Температураның көтерілуі немесе жауын-шашынның азаюы сияқты климаттық өзгерулер әлемдегі зорлық-зомбылықтың артуына әкеп соғады.
Америкалық ғалымдар осындай пікірге келіп отыр.
Температура жоғары болған жылдар, әсіресе, ауыл шаруашылығымен шұғылданатын елдердің экономикасын күрт нашарлатуы мүмкін. Мұндай жағдайда адамдар қаруға жүгінуі ықтимал деп санайды ғалымдар.