Климаттың өзгеруі мигранттар санының артуына себеп болады - ВВС
АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - Принстон университетінің ғалымдарының есептеуінше, ғаламшардағы температураның әрі қарай көтерілуі Мексикадан АҚШ-қа ағылатын мигранттар санының артуына әкеледі екен. Бұл туралы ВВС телекомпаниясы хабарлады.
Зерттеу мәліметтері бойынша, климаттың өзгеруі ауыл шаруашылығына әсер ететін болады. Нәтижесінде, айрылған дақылдардың әр 10 пайызына мигранттар санының өсуі 2 пайыздан келетін болады.
Осылайша, 2080 жылға қарай Мексикадан қоныс аударатын мигранттардың жалпы саны ел халқының 10 пайызын құрайтын болады.
Оосындай жағдай Африкада, Оңтүстік Азия мен Латын Америкасында да орын алуы мүмкін, деп ескертеді ғалымдар.