Климаттың өзгеруі салдарынан Жердің бірқатар ауданында ультракүлгін сәуле күшеюі мүмкін

АСТАНА.  Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат -   Жаһандық     климаттың  өзгеруі   Жер  атмосферасына   қатты әсер  етіп,     соның  нәтижесінде     кейбір  аудандарда    Күннің  адам денсаулығына   зиянды ультракүлгін  сәулесі   20 пайызға күшеюі мүмкін.  
None
None

 Атмосфераның   жоғарғы  қабатындағы  ауа  ағымдарының  айналысы  үшін    температураның    өсуінің салдары мен озон қабатының    жағдайын  зерттеген Торонто  университетінің  зерттеушілері Теодор Шеперд пен  Микаэла Хегглин   осындай  қорытындыға  келіп отыр,  деп  хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.   Олар жасаған    компьютерлік модель       ағымдағы  ғасырда  озон  қабатының күрделі  өзгеріске ұшырауы  мүмкін екенін  көрсетті.

Оңтүстік жартышарда     таулы аудандарда   көктемде  және   жазда ультракүлгін  сәулесінің  деңгейі,  қазіргіден 20 пайызға   жоғары  болып,   қатерлі ісік   ауруларының   өсуіне себеп болуы  мүмкін, - деп атап көрсетеді  ғалымдар «Нейчур геосайенс»   журналының  бетінде.  Озон қабатындағы өзгерістер  мен  ультракүлгін  сәуленің күшеюі    «ауаның сапасына да,    адамдардың  денсаулығына да,  жалпы экологиялық  жүйенің  жағдайына да»  айтулы  әсер  ететін болады.

Соңғы жаңалықтар