Климаттың өзгеруіне бейімделу үшін дамушы елдерге жылына 75-100 миллиард доллар қажет

ВАШИНГТОН.   Қазанның   1-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -    Әлемнің  дамушы  елдері  климаттың    өзгеруіне  бейімделу үшін  2010 жылдан 2050 жылға   дейінгі аралықта     жыл  сайын  75-100 миллиард доллардай  қаржы    жұмсайтын болады.

Климаттың   өзгеруіне    бейімделу  үшін  дамушы елдерге жылына  75-100 миллиард доллар  қажет

Жаңа климаттық  жағдайда     дамудың  экономикалық  сипаттарына терең  зерттеу  жүргізген   Дүниежүзілік банктің сарапшылары осындай  қорытындыға келіп отыр.    Зерттеулер    Нидерланды,   Швейцария және  Ұлыбритания  үкіметтерінің  қаражатына    жүргізілді

Дамушы елдер  климаттың     өзгеруінің  әлеуетті салдарына, яғни   инфрақұрылымға,  құрғақшылыққа,   ауыл шаруашылығы өндірісінің   қысқаруына   дайын болуы керек. Сарапшылар,   бейімделу  жөніндегі  алдын-ала шаралар     тәуекелдерді   азайтып, келешекте  қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді,  деп   санайды.  Зерттеушілер,     Шығыс Азия, Тынық мұхиты аймағы,  Латын Америкасы  және  Кариб  теңізі елдеріне,   сондай-ақ Сахараның  оңтүстігінде  орналасқан   африкалық мемлекеттерге бейімделуге   көбірек  қаржы керек  болады,   деген  қорытындыға келіп отыр.