Клинтон АҚШ президенттігінен үмітін үзді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон CNN телеарнасының эфирінде енді президент лауазымына сайлауға түспейтінін мәлімдеді.
- Мен өзіме қызықты кәсіп іздеп жүрмін. Менде еш жоспар жоқ. Өзіме қызықты кәсіп табудан басқа еш жоспар жоқ», - деді Клинтон.
Сонымен бірге, АҚШ президенттігіне бұрынғы үміткер Ресейді Американың сайлауалды науқанына араласты деп айыптады. Оның айтуынша, егер демократтар ортақ шара қолданбаса, кінәлілерді жазаға тартпаса, бұл араласу әлі қайталанады.