Клинтон «даулы» штаттарда Трамптан басым түсіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтон «даулы» штаттарда республикалықтар атынан үміткер Дональд Трамптан басым түсіп, дәстүрлі «республикалық аумақта» одан едәуір алда келеді, деп хабарлайды ria.ru Washington Post газетіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, әңгіме жеті «республикалық» шттаттар - Миссури, Джорджия, Техас, Канзас, Аризон, Индиан және Оңтүстік Каролина жайлы. Онда, басылым деректері бойынша, соңғы тоғыз сайлауалды республикалық науқанда республикалықтар 63-тің 58-ін ұтқан. Қазір миллиардердің көшбасшылығы екіден алты пайызға дейін төмендеді.
Сонымен қатар, басылым деректеріне сәйкес, Клинтон тоғыз «даулы» штаттарда қарсыласын басып озуда. Оның бесеуі - Колорадо, Вирджиния, Пенсильвания, Висконсин және Нью-Гемпширде бұрынғы мемлекеттік хатшының басымдығы 9-11 пайызды құрайды.
Дегенмен, Washington Post атап өткендей, бұл деректер Клинтон жеңеді дегенді білдірмейді.