Клинтон мен Аннан Сирия билігін оппозицияға беру жоспарын талқылады

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен БҰҰ-ның арнайы елшісі Кофи Аннан Сирия билігін оппозицияға беру жоспарын талқылады, деп хабарлады Утро.ру

Клинтон мен Аннан Сирия билігін оппозицияға беру жоспарын талқылады

«Бүгінгі Клинтон мен Аннан кездесуі уақытының басым бөлігінде Сириядағы саяси билікті беру бойынша стратегия әзірлеу және арнайы елшінің жоспарын орындау (жанжалдасушы тараптармен) үшін халықаралық күштерді біріктіру мәселесі талқыланды», - деп хабарлады АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Виктория Нуланд.

Оның атап өтуінше, АҚШ Ресеймен Сириядағы ахуалды реттеу мәселелерін талқылауда және ресейлік өкілдермен тұрақты байланыста.