Клинтон танымалдылығы жөнінен Трампты артқа тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан кандидат Хиллари Клинтон өзінің бәсекелесі республикалық Дональд Трамптан танымалдылығы жөнінен 9 пайызға алда келеді.
Бұл туралы CNN/ORC сауалнамасының қорытындысында белгілі болды.
Сұралғандардың 52 пайызы қарашадағы сайлауда Клинтонға дауыс беретіндіктерін, ал 43 пайызы Трампты таңдайтындықтарын айтқан, деп жазады life.ru.
Фото: © REUTERS/Brian Snyder