Клинтон Трамптан 4 пункт бойынша алда келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне кандидат Хиллари Клинтон өзінің бәсекелесі республикалық Дональд Трамптан алда келеді.
Рейтер агенттігі мен Ipsos компаниясының сауалнама қорытындысына сәйкес айырмашылық 4 пайыздық пунктті құрайды.
Сайлауға келуге ұйғарған респонденттердің 42% - Клинтонға, ал 38% Трампқа дауыс беруге ниетті.
Рейтер мен Ipsos сауалнамасы 9-15 қыркүйек аралығында интернет арқылы 50 штатта өткізілді.