Клинтондар жиенді болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон мен экс-мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонның қызы Челси босанып, оларды жиенді қылды, деп жазады жергілікті БАҚ.

Клинтондар жиенді болды

Бұл туралы ол «Твиттердегі» өзінің парақшасында хабарлаған. Челси Клинтон 34 жаста. 2010 жылы ол Марк Мезвински деген адамға тұрмысқа шыққан.