Клубаралық футбол лигасы: Бразилиялық «Коринтианс» финалға шықты
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әлемдік клубаралық футбол лигасының финалында өнер көрсететін алғашқы команда белгілі болды.
Ол - жартылай финалдық сында Мысырдың «Аль-Ахли» командасынан 1:0 есебімен басым түскен бразилиялық «Коринтианс» футбол клубы. Кездесудегі жалғыз голды 30-шы минутта Хосе Паоло Герреро соқты. Ойынның қалған уақытында қос құрамада да бірнеше жақсы мүмкіндіктер болғанымен, таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Жеңіске жеткен бразилиялық клуб финалдық сынға жолдама алды. Ал, оның қарсыласы ағылшындық «Челси» мен мексикалық «Монтеррей» арасындағы кездесуде белгілі болады, деп хабарлайды 24 KZ.