ҚМДБ елдегі имам-молдалардың 3 пайызында ғана жоғары білім бар деген ақпаратты жоққа шығарды

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан мәлім еткендей, кеше бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары «Қазақстанда имам-молдалардың жоғары діни білімі 3 пайызды құрайды» деген ақпаратты таратты.
None
None

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл ақпаратты жаңылыстықпен таратылған мәлімет деп қабылдайды. Шын мәнінде ҚМДБ қызметкерлерінің 12 пайызының ислами жоғары білімі бар екенін, ал арнаулы діни білім алғандардың көрсеткіші 15 пайызды құрайтындығын хабарлаймыз», - делінген таратылған мәлімдемеде.

Сондай-ақ елдегі 1 мыңнан астам дін қызметкерінде Алматыдағы Имамдардың білімін жетілдіру институтының дипломы бар. «Осы көрсеткіштерді қоса есептегенде ҚМДБ-ның қарамағында қызмет ететін дін кадрларының 62 пайызының діни білімінің барын жалпы бұқара назарына жеткіземіз», - деп түйіндеді ҚМДБ өз хабарламасында.    

Соңғы жаңалықтар