ҚМДБ-ға қарасты сайт әкімшілері бас қосты

«ХХІ ғасыр - ақпараттың заманы. Қазір еліміз ақпаратпен азықтанып, жастарымыз білімді де интернеттен алуда. Сондықтан біз осы ретте интернет, сайт арқылы халқымыздың рухани дамуы мен Ислам құндылықтарымен сусындауына барынша үлес қосуымыз керек. Қазақта: «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» деген сөз бар. Сондықтан ғаламторда шыққан әрбір ақпаратқа, әрбір мақала мен уағызға мән беруіміз қажет. Жұмыстарыңызға береке тілеймін. Алланың дініне аянбай қызмет ете беріңіздер. Ал менің тарапымнан қандай да қолдау қажет болса, мен әрқашан дайынмын», - деді Бас мүфти.
ҚМДБ Уағыз насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров әріптестеріне www.muftyat.kz-тің жаңа дизайнымен таныстырып, оларды ортақ істе жұмыла қызмет етуге шақырды және сайттың алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар, сайт әкімшілері ғаламтордағы кейбір мәселелер жайлы пікір алмасты. Ал, еліміздегі 2013 жылдың үздік блогшысы - Нұрлан Жанай әріптестеріне тренинг өткізді, деп жазады muslim.kz.