ҚМДБ халал-стандарт бөлімін ашады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы халал стандартизациясы бөлімін ашуда. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, ҚМДБ аппараты Астанаға көшті және дипломатиялық қалашықта орналасқан мекемеге уақытша жайғасты. Басқарманың ғимараты салынуда. Көшуге байланысты, ірі құрылымдық өзгерістер жоспарланбағанын айтты.
«Құрылымдық өзгерістер болмайды. Алайда қосымша бөлімдер құрылды. Мәселен, халал стандарты бөлімін ашпақ ойымыз бар. Өйткені ол - бүгінгі маңызды мәселелердің бірі», - деді Бас мүфти.