ҚМДБ «Jacobs» танымал кофе брендіне халал сертификатын берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» ЖШС «Jacobs» атауымен танылған кофе брендінің 5 түрлі өніміне халал сертификатын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМДБ-ға сілтеме жасап.
«Халал Даму» берген сертификат «Jacobs» брендімен шығатын «Якобз Дау Эгбертс Қазақстан» ЖШС өнімдері «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сәйкестігін райстайды.
Құжатты ҚМДБ Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Шоқай табыстады.