ҚМДБ: Мәуліт мерекесі 2 ақпанда өтеді

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үстіміздегі жылдың 2 ақпанында мәуліт салтанатын атап өтеді.

ҚМДБ: Мәуліт мерекесі 2 ақпанда өтеді

Жыл сайын ұйымдастырылатын игі шара биыл Алматыдағы Республика сарайында өтпек. Кіру - ақылы. Бағасы - 200 теңге. Билет сатудан түскен қаржы мәуліт салтанатында жетімдер һәм балалар үйіне беріледі.

Билеттерді Алматы қаласындағы мешіт имамдарынан алуға болады. Басталуы - 10:00-де.