ҚМДБ мұсылмандар арасында іріткі салғысы келген азаматтың кешірім сұрауын талап етті

ҚМБД
Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда бүлік пен алауыздық тудырған азаматтардың үстінен сотқа шағым түсіретінін мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Діни басқарманың мәліметінше, әлеуметтік желіде Серік Рысжанов есімді азамат қасиетті Құранда ашық баяндалған аяттарды жоққа шығарып, мұсылмандар арасында алауыздық тудырған.

«Дәлірек айтқанда, С.Рысжанов «Barys media» ютуб арнасына берген сұхбатының бірінде: «Құранда бес уақыт намаз оқыңдар деп айтылмаған» деді.. С.Рысжанов өзінің арнайы діни білімінің болмағанына қарамастан, Құранды өз бетінше түсініп, мұсылман жамағатының діни сеніміне сызат түсіріп, іріткі салғандығы үшін мұсылман қауымынан кешірім сұрауы тиіс», - делінеді ҚМДБ-ның хабарламасында.

Осыған орай, мүфтият мұндай шектен шығушылыққа, діни құндылықтарды теріс бұрмалаушылыққа, парыздар мен діни рәсімдерді жоққа шығарып, қоғамда бүлік пен алауыздық тудырған азаматтардың үстінен сотқа шағым түсіретінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар