ҚМДБ-ны Алматыдан Астанаға ауыстыру керек - Мәдениет және спорт министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚМДБ-ны Астанаға көшіру керек. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
None
None

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына үлкен бір өтініш бар. Дін саласы бойынша біздің алға қойған мақсатымыз, осы саланы жоғары зияткерлік деңгейде болуын қамтамасыз ету»,-деді министр.

Осы орайда ведомство басшысы ҚМДБ өкілдерінің үлкен жиындарға спорттық және мәдени шараларға жиі қатысуы керектігін атап өтті.

«Қазіргі кезде ҚМДБ Алматы қаласында орналасқан. Бірақ осы ұжымды Астанаға ауыстыруымыз керек»,-деді А. Мұхамедиұлы.

Соңғы жаңалықтар