ҚМДБ жамағаттан түскен 52 млн. теңгеден астам соманың қайда жұмсалғандығын жария етті
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан ашылған Зекет қоры жамағаттан зекет ретінде түскен 52 млн. теңгеден астам соманың қайда жұмсалғандығын жария етті.
«Осы күнге дейін Зекет қорына 52 млн. 682 мың 143 теңге жинақталды. Бұл - халықтың діни сауатын ашуға, Ислам насихатын көркейтуге, имам-молдалардың әлеуметтік мәселесін шешуге, т.б. сауапты істер мен қайырымдылық шараларға үлес қосам деген ниетті көздеген кәсіпкерлердің, дін жанашырларының, жеке тұлғалардың берген зекеті», - делінген таратылған мәліметте.
Діни басқарма еліміз бойынша жинақталған қордың есебінен өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 144 ауыл имамдарына 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап 20 мың теңге мөлшерінде жалақы бере бастады. Ендеше, қай облыстан немесе өңірден қанша қаржы жиналды? Қайсы аймақтан қанша имам-молдаларға жалақы берілуде?
|
№ |
Облыс, қала, өңір |
Имам-молдалар саны |
жалақы мөлшері (теңге) |
Жинақталған қаржы мөлшері (теңге) |
|
1. |
Алматы қаласы |
8 |
20 000 |
8 720 352 |
|
2. |
Ақтөбе облысы |
|
|
376 060 |
|
3. |
Ақмола облысы |
30 |
20 000 |
8 570 000 |
|
4. |
Алматы облысы |
|
|
18 750 |
|
5. |
Астана қаласы |
|
|
3 295 000 |
|
6. |
Атырау облысы |
15 |
20 000 |
3 053 234 |
|
7. |
Батыс Қазақстан облысы |
31 |
20 000 |
10 014 850 |
|
8. |
Жамбыл облысы |
5 |
20 000 |
2 068 225 |
|
9. |
Жезқазған аймағы |
2 |
20 000 |
495 000 |
|
10. |
Қарағанды облысы |
7 |
20 000 |
1 711 728 |
|
11. |
Қостанай облысы |
15 |
20 000 |
4 411 331 |
|
12. |
Қызылорда облысы |
5 |
20 000 |
1 269 000 |
|
13. |
Маңғыстау облысы |
5 |
20 000 |
1 245 570 |
|
14. |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
2 |
20 000 |
613 260 |
|
15. |
Павлодар облысы |
10 |
20 000 |
3 388 921 |
|
16. |
Семей аймағы |
2 |
20 000 |
535 352 |
|
17. |
Солтүстік Қазақстан облысы |
5 |
20 000 |
1 750 852 |
|
18. |
Талдықорған аймағы |
2 |
20 000 |
767 450 |
|
19. |
Шығыс Қазақстан облысы |
|
|
377 208 |
|
|
Барлығы |
144 |
|
52 682 143 |
2013 жылдың алғашқы үш айында (қаңтар, ақпан, наурыз) ҚМДБ Зекет қорынан имам-молдаларға берілген жалақы мөлшері - 7 млн. 548 мың теңге.
Әр аймақтан жинақталған қаражат сол өңірдің мешіт қызметкерлеріне айлық есебінде жұмсалады. Мәселен, Ақтөбе қаласы әкімшілігі дін жанашырларының, кәсіпкерлердің көмегі арқылы 50 млн. 400 мың теңге зекет берді. Осы зекеттен облыстық имам-молдаларға жалақы беріліп, бұдан бөлек мешіттердің коммуналдық шығындарына, жөндеу жұмыстарына жұмсалуда.
Бүгінде ҚМДБ-ның аймақтағы өкіл имамдарының ұсынысымен осы тізімдегі имам-молдалардан бөлек дін қызметкерлеріне айлық тағайындау жалғаса бермек.
Айта кетейік, ҚМДБ Зекет қоры - әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және қоғамға пайдалы игі де ізгі мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым. Қордың негізгі мақсаты - Қасиетті Құран Кәрім мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүннетін басшылыққа ала отырып, шариғат үкімдеріне сәйкес зекеттің жинақталуы мен таратылуын жүзеге асыру. Сонымен қатар, қордың Жарғысына сәйкес, өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын шалғайдағы ауыл мешіттеріндегі дін қызметкерлеріне жалақы беріледі.