ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесі «Алла» және «Тағала» сөздеріне қатысты шешім шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары іни басқармасы жанындағы жанындағы Ғұламалар кеңесі «Алла» және «Тағала» сөздеріне қатысты шешім шығарды, деп хабарлады muftyat.kz сайты.
Алланың есімдеріне «тағала» сөзін қосып «Алла Тағала», «Хақ Тағала», «Құдай Тағала» және осы сынды тіркестерді журналистер қауымы жиі қолданатыны рас. Бірақ Жаратушының сипаты ретінде қосарлана жүретін «тағала» сөзі бір жерде кішкене, бір жерде бас әріптермен кетіп жатады. Сонымен қатар, бір басылымдарда Құдай Тағаланың есімі «Аллаһ» болып, басқа басылымдарда «Алла» күйінде қолданылып жүр. Осыған орай, ҚМДБ жанындағы Ғұламалар Кеңесі арнайы шешім шығарды. Енді "Алла" сөзі "һ" әрпінсіз және «Тағала» сөзі тек бас әріппен қолданылатын болады. Сөйтіп, қасиетті бұл сөздердің енді басылымдарда біркелкі қолданылуын қарастырады.