ҚМЭБИ кітапханасына Д'Эстен есімі беріледі
АЛМАТЫ. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының кітапханасына Францияның бұрынғы президентінің бауыры,
доктор Оливье Жискар д'Эстен есімі берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
INSEAD француз мектебінің негізін қалаушы және бас директоры, INSEAD қорының төрағасы д'Эстен ҚМЭБИ-ға қарашаның 12-15-і аралығында келмек. Оның осы сапары кезінде бизнес-білімді бүкіл әлем бойынша дамытуға қосқан үлесі үшін іскерлік әкімшілік басқару саласының құрметті докторлық дәрежесі табыс етіледі.
Д'Эстеннің осыдан 18 жыл бұрын Алматыға жасаған сапарының нәтижесінде ҚМЭБИ халықаралық ТАСИС бағдарламасы бойынша Еуроодақтан $1,8 млн. көлемінде алғашқа грантқа қол жеткізген болатын. Сондай-ақ д'Эстеннің ұсыныс-кеңестерінің арқасында Англияның, Канаданың және АҚШ-тың халықаралық ұйымдарынан басқа да гранттар беріле бастады.
Ол Generali, IBM және CEDEP компанияларының директорлар кеңесінде мүше болды. Бұған қоса д'Эстен халықаралық технологиялық қоғамдастықтың төрағасы және Philips компаниясының төраға кеңесшісі қызметтерін атқарды.
Оливье Жискар д'Эстен Францияның 20-шы президенті Валери Жискар д'Эстеннің інісі.