ҚМЭБИ студенттері Мәжіліс қабырғасында тәжірибеден өтеді
АСТАНА. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің үйіне Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының (ҚМЭБИ) 65 студенті жоғарғы өкілетті органға дәстүрлі тәжірибеден өтуге келді.
Алматыда білім алып жатқан студент жастар мұнда осымен жетінші рет келіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы басқосуда ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты басшысының орынбасары Сатыбалды Дәулетәлин құттықтау сөз сөйлеп, жастарға тілегін білдірді.
Алда тұрған мақсаттары жайлы аталған оқу орнының оқытушысы, тәжірибеге келген студенттердің жетекшісі Петр Крепак сөз сөйлеп, Мәжіліс депутаттарымен де кездесулер өткізілетінін айтты.