ҚМГ активтерi сәуiр-маусымда 17 пайызға өстi
АСТАНА. 16 шiлде. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» АҚ (ҚМГ) активтері 2013 жылдың II тоқсанында 17%-ға өсіп, 3 711,193 млрд теңге болды.
Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланған компанияның толымсыз шоғырландырылмаған қаржылық есебінде осындай статистика келтірілген, деп хабарлайды «Халықтық IPO» бағдарламасының ресми сайты.
Бұл ретте ҚМГ-ның жалпы жиынтық табысы сәуір-маусым айларында 8,19%-ға азайып, 184,246 млрд теңге болды.
Айта кетейiк, ҚМГ «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында акцияларын орналастыру жоспарланып отырған мемлекеттік компаниялар тізіміне кіреді.