ҚМГ басқарма төрағасы Мыңбаевта 30 орынбасар болды дегенді теріске шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың 30 орынбасары бар деген ақпаратты теріске шығарды. ҚМГ баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес оның тікелей қарамағында түрлі бағыт бойынша төрт атқарушы вице-президент, аға вице-президент, 4 вице-президент бар.
Сондай-ақ Мыңбаевқа инвестициялар мен тәуекелдерді басқару құрылымдық бөлімшесі мен қауіпсіздік қызметінің құрылымдық бөлімшесі бағынады.
1. Мұнайды өндіру, барлау және мұнай сервистері бойынша атқарушы вице-президент (Басқарма мүшесі);
2. Тасымалдау, Қайта өңдеу және Маркетинг бойынша атқарушы вице-президент (Басқарма мүшесі);
3. Газды тасымалдау және Маркетинг бойынша атқарушы вице-президент (Басқарма мүшесі);
4. Қаржы бойынша атқарушы вице-президент - қаржы директоры (Басқарма мүшесі);
5. Трансформация бойынша аға вице-президент (Басқарма мүшесі);
6. Құқықтық қамтамасыз ету бойынша вице-президент (Басқарма мүшесі);
7. Адам ресурстарын басқару бойынша вице-президент (Басқарма мүшесі);
8. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау вице-президенті;
9. Стратегия бойынша вице-президент;
10. Инвестицияларды және тәуекелдерді басқару бойынша құрылымдық бөлімше;
11. Қауіпсіздік қызметінің құрылымдық бөлімшесі. «Оның 7 басшысы - Басқарма мүшелері».
ТМД үшін дәстүрлі номенклатураға сәйкес жоғарыда көрсетілген лауазымдарды қараса, ҚМГ Басқармасы төрағасында: 4 орынбасар - бұл 4 атқарушы вице-президент, қалғаны - басқарушы директорлар - вице-президенттер деңгейіне сәйкес келеді», - деп түсіндірді «ҚМГ» ҰК баспасөз қызметінде. Тұтастай, компанияда топ бойынша 89 мыңнан астам адам жұмыс істейді.