ҚМГ басшысы Атырау мұнай өңдеу зауытын тексерді

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болды.

ҚМГ басшысы Атырау мұнай өңдеу зауытын тексерді
Фото: ҚазМұнайГаз

ҚМГ басшысы зауытта жүргізілген жоспарлы алдын алу жұмыстарының нәтижелерімен танысып, кәсіпорын басшылығына барлық өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, тұрақты технологиялық режимге шығу үшін іске қосу-реттеу жұмыстарын уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

ҚМГ басшысы Атырау мұнай өңдеу зауытын тексерді
Фото: ҚазМұнайГаз

Кәсіпорынның қазіргі жұмысы мен стратегиялық міндеттеріне арналған жиында АМӨЗ-дің операциялық тиімділігі мен энергия сенімділігін арттыру жөніндегі жұмысты жандандыруға қатысты тапсырма берілді. А.Хасенов өндірістік және экологиялық жобалардың іске асырылуын жалғастырудың, зауытты кеңейтілген жөндеу аралық кезеңге көшіруге дайындаудың маңызын атап өтті.

ҚМГ басшысы Атырау мұнай өңдеу зауытын тексерді
Фото: ҚазМұнайГаз

А.Хасенов кәсіпорын басшылығына қызметкерлердің еңбек жағдайларын және зауыттағы өндірістік процестерді жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды. Ол ҚазМұнайГаз бұл мәселені қатаң бақылауда ұстайтынын атап өтті. Ал қызметкерлер бар күш-жігерін зауыттың тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағыттауы тиіс.

ҚМГ басшысы Атырау мұнай өңдеу зауытын тексерді
Фото: ҚазМұнайГаз

 

— Қызметкерлерге қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасап, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды үнемі жақсарту керек екенін тағы да ескертемін. ҚазМұнайГаз бұл мәселеге ерекше ден қойып, басымдық береді. Сапа мен қауіпсіздікке қойылатын талаптардың артуы жағдайында зауыттың тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін кәсіпорын жұмысының жоғары стандарттары мен сенімділігін сақтау қажет, — деп атап өтті Асхат Хасенов.

ҚМГ басшысы Атырау мұнай өңдеу зауытын тексерді
Фото: ҚазМұнайГаз
Соңғы жаңалықтар