ҚМГ басшысы «BP Sangachal» және «Azertrans» терминалдарының жұмысымен танысты

ҚМГ
Фото: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

АСТАНА. KAZINFORM – 9 наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Баку қаласына сапары барысында Қазақстан мұнайын тасымалдауға жұмылдырылған «BP Sangachal» және «Azertrans» терминалдарының жұмысымен танысты. 

«Azertrans» терминалына барған М.Мырзағалиев «Теңіз» кен орны мұнайын Баку-Джейхан құбырына жеткізу үшін Бакуге келген «Қазақтеңізкөлікфлоты» ЖШС-іне тиесілі «Астана» танкерінде болып, кеме экипажы – жас қазақстандықтармен кездесті.

ҚМГ
Фото: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

Экипаж мүшелері технологиялық процестерді ұйымдастыру кезінде мұнайдың үздіксіз жөнелтілуін қамтамасыз ету үшін еңбек және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылатынын атап өтті. ҚМГ басшысы теңізшілердің еңбек жағдайымен танысып, жұмыстарына сәттілік тіледі. 

«Астана» танкері Ақтау-Баку бағытында жүреді және «ҚазМұнайГаз» және SOCAR арасында 1,5 млн тонна Қазақстан мұнайын Әзербайжан аумағы арқылы тасымалдауға қатысты қол қойылған келісім аясында «Теңіз» кен орнынан шыққан мұнайды тасымалдайды.

Соңғы жаңалықтар