ҚМГ БӨ 2010 жылғы акцияға белгіленген дивиденд мөлшерін 13,6 %-дан асырып жіберді

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізді,
None
None

деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

ҚМГ БӨ акционерлері Компанияның 2010 жылға арналған топтастырылған қаржылық есебі мен жылдық есебін бекітті.

Одан бөлек, өткен жылдың қорытындысы бойынша таза кірісті бөлу тәртібі мен қарапайым және артықшылықты акцияларға есептегендегі дивиденд мөлшері бекітілді. Акционерлердің шешімі бойынша, 2010 жылдағы дивиденд мөлшері бір акцияға (қарапайым және артықшылықты) шаққанда 800 теңгені (ҚР заңнамаларына сәйкес ұсталатын салықтарды қосқанда) құрайды. 2010 жылдағы дивидендтің жалпы сомасы шамамен 57 млрд. теңгені (389 млн. АҚШ долларына жуық) құрайды.

Белгіленген дивиденд мөлшері өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,6 %-ға артық және 2006 жылдағы ІРО кезінен бері ең ірі болып табылады. Компания акционерлеріне 2010 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеу 2011 жылдың 16 мамыры күнгі сағат 0:00 жағдай бойынша жүргізіледі және 2011 жылдың 20 маусымында басталады.

Акционерлердің жалпы жиналысында Директорлар кеңесінің мүшесі Кенжебек Ибрашевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып жалпы Компанияның директорлар кеңесінің өкілеттік мерзіміне Алик Айдарбаев сайланды.

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады.

Соңғы жаңалықтар