ҚМГ БӨ 2013 жылы күрделі шығыстарын төмендетпек

АСТАНА. 15 шiлде. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» БарлауӨндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) 2013 жылға арналған түзетілген бюджетін бекітті,

ҚМГ БӨ 2013 жылы күрделі шығыстарын төмендетпек

деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Мәселен, компания биыл күрделі салымдарды 17 млрд. теңге көлемiнде анықтап, 168 млрд. теңгеге дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл бұрғылауға арналған геологиялық зерттеулерге кететін шығындардың азаюымен, бұрғылау кестесінің және жоспарының өзгеруімен байланысты. Сонымен қатар, бірқатар нысандар құрылысының мерзімі ауыстырылғандықтан, жаңғырту бағдарламасының шығыс бөлігі 7 млрд теңгеге қысқартылды.

Бұл ретте «Ембімұнайгаз» АҚ кен орнындағы қосымша 11 ұңғыманы бұрғылауға байланысты шығындар 1 млрд теңгеге ұлғайтылды.

«Аталмыш шара ағымдағы экономикалық және өндірістік көрсеткіштерді ескеріп, қаржыны тиімді жұмсауды қамтамасыз етуге бағытталған», - делiнген ҚМГ БӨ хабарламасында.