ҚМГ БӨ 2017 жылдың бюджетін мұнай бағасының 45 доллар деңгейімен бекітті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылдың бюджетін және 2017-2021 жылдарға арналған бизнес-жоспарды бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚМГ БӨ 2017 жылдың бюджетін мұнай бағасының 45 доллар деңгейімен бекітті

2017 жылдың бюджеті Брент сұрыпты мұнай бағасы барреліне 45 АҚШ доллары баға болжамы және АҚШ доллары үшін 360 теңге бағамы бойынша жасақталған.

«2017-2021 жылдары Компанияның еркін ақша ағымы мұнайдың дербес процессингі кестесіне өтуі және ішкі нарыққа жеткізілімдерді азайту, сондай-ақ күрделі салымдарды арттырумен ішінара өтелген Брент бағасы және АҚШ долларына теңгенің бағамы жөніндегі болжамдардың өзгеруі нәтижесінде 2016-2020 жылдарға арналған бизнес-жоспарға қарағанда оң болады»,-деп атап өтілген ҚМГ БӨ мәліметінде.

Атап айтқанда, мұнай өнімдерін сатудан түсетін таза түсім (процессинг және сатумен байланысты барлық шығындарды шегергенде) 2017 жылы АМӨЗ-ге мұнай тоннасы үшін 43 800 теңге және ПМЗХ-ға мұнай тоннасы үшін 43 700 теңге мөлшерінде күтіледі. Сатудан түсетін таза түсім мұнай өнімдері (мемлекет реттейтін АИ-80 бензиннен басқа) нарығы конъюнктурасына және МӨЗ-дегі мұнай өнімдерін шығару қоржынына байланысты болады.

«АМӨЗ бен ПМХЗ-дағы жаңғырту бағдарламасы аяқталғаннан кейін 2017 жылдың ішінде ақшыл түсті мұнай өнімдері өндірісінің үлесі артады деп күтіледі. Бұл ретте, мұнайды өңдеу тарифтері жаңғырту жобасы аяқталғаннан кейін шамамен АМӨЗ-де 25 пайызға және ПМХЗ-да 10 пайызға артуы мүмкін. Анықтама үшін, 2016 жылы мұнай өңдеу тарифі АМӨЗ-де тоннасына 20 501 теңгені және ПМХЗ-да тоннасына 14 895 теңгені құрайды»,-деп нақтылады компания.

2017 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Ембімұнайгаз» АҚ 2016 жылдың сәуір айынан бері қолданыстағы дербес мұнай процессингі схемасына сәйкес, кейіннен мұнай өнімдерін қайта өңдеу және сату үшін тікелей Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауытына жалпы сату көлемінің шамамен 33 %-ын немесе 2,9 млн. тонна (тәулігіне 57 мың баррель) мұнай жеткізеді деп жоспарлануда. Ішкі нарыққа жөнелтілетін 2,9 млн тоннаның 1,9 млн тоннасы (тәулігіне 38 мың баррель) АМӨЗ-ге, 1,0 млн тоннасы (тәулігіне 19 мың баррель) ПМХЗ-ға жеткізіледі.

Белгіл болғандай, 2017 жылға жоспарланған өндіру көлемі «Өзенмұнайгаз» АҚ-да (ӨМГ) 5,8 млн. тонна (тәулігіне 117 мың баррель), ал «Ембімұнайгаз» АҚ-да (ЕМГ) 2,8 млн. тоннаны (тәулігіне 57 мың баррель) құрайды. ӨМГ және ЕМГ бойынша 2017 жылға жоспарланған жалпы өндіру көлемі 8,7 млн. тоннаны (тәулігіне 175 мың баррель) құрайды, бұл ұңғымалардың ауыспалы қорымен жұмыс жасау жөніндегі кешенді іс-шаралар мен қосымша геологиялық-техникалық іс-шаралардың есебінен 2016 жылы күтіліп отырған өндіру көлемінен 2 пайызға артық.