ҚМГ БӨ KASE-да артықшылықты акцияларды сатып алу жөніндегі мамандандырылған саудалардың қорытындысын жариялайды
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2011 жылдың 21 қарашасы мен 20 желтоқсаны аралығында KASE сауда жүйесінде артықшылықты акцияларды сатып алу жөніндегі қорытынды мамандандырылған саудалардың өткізілгенін хабарлайды.
Мамандандырылған саудалардың қорытындысы бойынша Компания 160 473 артықшылықты акцияны данасына 13 056,57 теңгеден сату өтінімдерін қанағаттандырды. Сатып алу жиынтық сомасы 2 095 226 957,61 теңгені құрады. Есептесу 2011 жылдың 23 желтоқсаны күні жүргізіледі. Артықшылықты акцияларды сатып алу бағдарламасын жүзеге асыруды бастағалы бері Компания 37 135 715 544,31 теңге сомаға 2 073 276 артықшылықты акция сатып алды.
Бұған дейін хабарланғанындай, Компания биржаның қолданыстағы ережелеріне сай, отыз күндік мамандандырылған саудалар сериясын ұйымдастыру арқылы KASE сауда жүйесінде өзінің артықшылықты акцияларын сатып алу бағдарламасын бекітті. Өткізілген мамандандырылған сауда аталған бағдарлама аясындағы қорытынды сауда болып табылады. Қазіргі таңда ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларының басым көпшілігін, Компанияның бұрынғы және қазіргі қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қосқанда, шамамен 20 мың адам иеленіп отыр.