ҚМГ БӨ KASE-да артықшылықты акцияларды сатып алу жөніндегі мамандандырылған саудалардың өтетін күнін жариялайды
АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 31 тамызы аралығында KASE сауда жүйесінде артықшылықты акцияларды сатып алу жөніндегі кезекті мамандандырылған саудалардың өткізілетіндігін хабарлайды.
Артықшылықты акцияларды сатып алу бағдарламасы бойынша, компания осы уақытқа дейін 34,6 млрд. теңге сомаға 1,8 миллионнан астам артықшылықты акция сатып алды.
Компания әрбір мамандандырылған сауданы жүргізердің алдында және өткізгеннен кейін хабарландыру жариялайтын болады. Хабарландыруда мұндай саудаларды өткізу шарттары мен қорытындылары көрсетіледі.
Сатып алу бағдарламасы мен листинг артықшылықты акциялардың иелеріне құнды қағаздардың ашық әрі неғұрлым өтімді нарықта сауда жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларының басым көпшілігін, Компанияның бұрынғы және қазіргі қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қосқанда, 20 мыңнан астам адам иеленіп отыр.