ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері Атырауда су басу қаупі бар нүктелерді анықтады

Атырау
Фото: ҚазМұнайГаз телеграм арнасы

АТЫРАУ. KAZINFORM — Астрахань-Атырау тас жолынан Атырау қаласының оңтүстік шекарасына дейін Қара өзек каналына мониторинг жүргізілді. 

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау филиалының қызметкерлері дронның көмегімен су көтерілу кезінде кептелістердің пайда болуына қауіп төндіретін нүктелерді анықтады. Сондай-ақ мамандар қажет болған жағдайда артық суды бұру бағыттарын қарастырды. Сонымен қатар су ағынының кедергісіз өтуі үшін кейбір жасанды кедергілерді бұзу туралы ұсыныстарын білдірді.

Мониторинг нәтижелері мен дроннан түсірілген суреттер Атырау қаласы және Атырау облысының әкімдігіне жолданды. 

Айта кетейік, Қара өзек каналының Жайық (Орал) өзенінен бастау алады. 

Соңғы жаңалықтар