Кнессет депутаттары бірқатар испан жерін тану туралы жобаны талқылауға шығарды

АСТАНА. KAZINFORM – Израильдің Кнессет депутаттары бірқатар испан жерінің тәуелсіздігін мойындау туралы жобаны талқылауға шығарды. Бұл туралы 20 minutos хабарлайды.

Депутаты израильского Кнессета вынесли на обсуждение проект о признании ряда испанских земель
Фото: 20Minutos

Кнессет депутаты Шаррен Хаскел Израильдің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға хат жолдап, Испанияның Палестина мемлекетін мойындауға шақырды. Оның ішінде Каталония, Баск елі, Галисия, Андалусия, Арагон, Балеар және Канар аралы секілді бірнеше испан жері бар.

«Мен сізден Үкіметтің келесі отырысында Кнессеттің мақұлдауына Каталония, Баск елі, Галисия, Андалусия, Валенсия, Арагон, Канар және Балеар аралдарының тәуелсіздігін ресми мойындауды сұраймын. Бай мәдени мұрасы, ерекше тілі және терең тарихы бар бұл аймақтар тәуелсіздікке деген айқын әрі компромиссіз ұмтылысын білдірді. Көптеген жыл бойы олар өзін басқаруға, даралығын танытып, тағдырын анықтауға тырысты. Бостандық пен демократия үшін біз олардың өзін өзі анықтаудағы заңды құқығын мойындауымыз керек», - деп атап өтті Израиль Парламентінің депутаты Нетаньяхуға жазған хатында.

Айта кетейік, бұған дейін Испания, Ирландия және Норвегияның Палестинаның мемлекеттілігін мойындағаны белгілі болды.