Книжевский қоймасындағы ақау: Аққан су деңгейі төмендеді

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Книжевский қоймасынан аққан су деңгейі төмендеді. Бұл жайында Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Айбек Жанаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Книжевский қоймасындағы ақау: Аққан су деңгейі төмендеді

«22 қараша күні сағат 7:30-да Жамбыл ауданында, Мыңбаев ауданына тақау маңдағы Книжевский су қоймасынан аққан судың деңгейі төмендеді. Су ені 4 метр болатын жырық арқылы ағып жатыр. Ағып жатқан судың көлемі 5-6 текше метрді құрайды. Сонымен қатар облыстық жолдан тереңдігі 5 сантиметр , ал енді 30 метр көлемінде асып төгілуде. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Құрылыс нысандарына да ешқандай қатер байқалмайды. Ахуал тұрақты, су төмендеп, баяу ағып жатыр», - деді Айбек Жанаев.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңында Книжевского су қоймасы бөгетінде жарық пайда болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.