КО аясында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тауарларды мемлекеттік тіркеудің онлайн бағдарламасы іске қосылды

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Кеден одағы аясында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тауарларды мемлекеттік тіркеудің онлайн бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

КО аясында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тауарларды мемлекеттік тіркеудің онлайн бағдарламасы іске қосылды

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында «Атамекен» Одағы» палатасы және Қазақ кедендік брокерлер қауымдастығымен бірлесіп, бүгін Алматыда «Кеден одағының кедендік шекарасы мен кеден аумағында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне» енгізілетін тауарларды мемлекеттік тіркеудің онлайн бағдарламасының ашылу салтанатын өткізді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Онлайн бағдарламасын енгізу кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді алып тастауға, жемқорлықпен жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алуға және Интернет ресурстарды пайдалану арқылы онлайн режімінде рұқсат беру құжаттарын алу мүмкіндігіне бағытталған.

Бағдарламаны тестілеп, сынақтан өткізу 2011 жылдың қараша айына жоспарланып отыр.