КО елдерінің бір топ сарапшылары АҚШ-тың құс өндіру жөніндегі кәсіпорындарын тексереді

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Кедендік одақ (КО) елдерінің бір топ сарапшылары 2013 жылдың желтоқсан айында өтетін АҚШ-тың құс өндіру жөніндегі кәсіпорындарының тексерісіне қосылады. Бұл туралы РФ мал дәрігерлік және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі Федералдық қызметінің (Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау) хабарламасына сілтеме жасап РБК хабарлайды.

КО елдерінің бір топ сарапшылары АҚШ-тың құс өндіру жөніндегі кәсіпорындарын тексереді

Ведомство Қазақстан және Беларусь мал дәрігерлік қызметтерімен тексеріс өткізу мерзімін келіседі. Тексеріс өткізілетін Америка кәсіпорындарының тізімі әзірге нақтылануда.

Сонымен қатар, ведомство күркетауық етін өндіру жөніндегі Американың екі кәсіпорнынан өнімді РФ-ға жеткізуді қайта жаңарту мүмкіндігін қарастырады.

«Дұрыс шешім қабылданған жағдайда бұл кәсіпорындар жеткізілімдерді қайта жаңартады және 2014 жылғы ақпанға жоспарланып отырған кезекті тексеріс барысында тексерілетін болады», - деп атап айтты Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау қызметінде.