КО-ға кіргеннен кейін азық-түлік тауарлары нарығында бәсекелестіктің күшейгені байқалуда - А. Мамытбеков

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Кедендік одақтағы елдердің Қазақстанға қарағанда ауыл шаруашылығы саласындағы артықшылықтарын атады.
None
None

«Қазақстанның Кедендік одаққа кіргеннен кейін азық-түлік тауарлары нарығында бәсекелестіктің күшейгені байқалуда. Бұл тұрғыда КО-ға қатысушы елдердің арасында шикізат пен тауарлардың айналымы жеңілдегенін ескерген жөн»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанға кірер алдында аталған әріптес елдердің ауыл шаруашылығында өңделген тауарлары бірқатар басымдықтарға ие болып отыр. Мәселен, еліміздегі негізгі астықты облыстарда жауын-шашынның орташа жылдық нормасы 300 миллиметр шамасында. Ал, КО-ның өзге елдерінде бұл көрсеткіш 2-3 есе жоғары. Топырақтың құнарлылығы жағынан да аталған елдердің көрсеткіштер айтарлықтай жоғары. Осы орайда Беларусь елінде сүрлемге бағытталған жүгерінің шығымдылығы гектарынан 250 центнерге тең, ал Қазақстанда орташа алғанда әр гектарынан 112 центнерден айналады. Бұл тұрғыда өсімдік шаруашылығындағы шикізат өнімдері мен жем-шөптің төмен бағасы ет пен сүт өнімдерінің және басқа да мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді.

Мысалы, Белоруссияда сүт зауыттары кеңшарлардан әрбір келісін орташа есеппен 57 теңгеден сатып алады. Ет комбинаттары ірі қара мал етінің әр келісі үшін 804 теңге төлейді. Сонымен қатар мұндай көрсеткіштер Ресейде де байқалуда.

«Ал, Қазақстанда шикі сүтті сатып алу бағасы 90 теңгеге тең. Сонымен қатар ірі қара мал етін сатып алуға әр келісі үшін орта есеппен 960 теңге төленеді»,-деді министр.

Соңғы жаңалықтар