КО мен БЭК мүше елдерде 2014 жылдың І тоқсанында орташа жалақы мөлшері артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың І тоқсанында КО мен БЭК мүше мемлекеттердің барлығында номиналды және нақты жалақы көлемі артты, деп хабарланған Еуразиялық экономикалық комиссия сайтында.
Атап айтқанда, 2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында номиналды орташа жалақы мөлшері 2013 жылдағы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда Қазақстанда - 7,5 пайызға, Ресейде - 10,5 пайызға, Беларусь елінде - 21,2 пайызға көбейген.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаның өсуін ескерумен нақты жалақы көрсеткішінің өсу қарқыны осы кезеңде Қазақстанда - 101,9 пайызды, Ресейде - 104,2 пайызды, ал Беларусь елінде 104,9 пайызды құрап отыр.
Сондай-ақ орташа айлық жалақыны доллар бағамы бойынша есептегенде 2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында ол Қазақстанда - 639 долларды, Беларусьте - 566 долларды, Ресейде - 859 долларды құрап отыр.