КО шекарасындағы ветеринариялық-санитариялық бақылау функцияларын кеден органдарына беру туралы заң жобасы қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

КО шекарасындағы ветеринариялық-санитариялық бақылау функцияларын кеден органдарына беру туралы заң жобасы қаралды

Заң жобасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодекстеріне, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Өсімдіктер карантині туралы», «Ветеринария туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру бизнесті дамыту үшін әкімшілік рәсімдерді елеулі түрде қысқартады және автомобиль өтетін пункттердің транзиттік өткізу мүмкіндіктерін арттыруға әрі жемқорлыққа жол беретін мүмкіндіктерді болдырмауға ықпал етеді.

Шекара маңындағы өткізу пункттерінде көлік-логистика орталықтарын құру республиканың көліктік тартымдылығын арттыруға, кедендік рәсімдерді жаңғыртуды жеделдету мен жеңілдетуге, сондай-ақ бизнестің «жалғыз терезе» қағидасы бойынша кешенді қызмет көрсетудің барлық түрін алуға жағдай жасайды. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.