Коалиция жетекшiлерi Каддафиді тақтан құлатуға уәде бердi
АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ, Ұлыбритания және Франция жетекшілері Ливиядағы әскери операция Муаммар Каддафи ел басшысы қызметінен босағанға дейін жүргізілетінін мәлімдеді,
деп жазады Lenta.ru Associated Press-ке сiлтеме жасап.
Жұмаға қараған түні АҚШ Президенті Барак Обама, Ұлыбритания Премьер-министрi Дэвид Кэмерон және Франция Президенті Николя Саркози бірлескен декларация қабылдап, Ливияның азаматтық халқын қорғау бойынша операцияны жалғастыруға уәде берді.