Кобани үшін айқаста қаза тапқандар саны 553 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия мен Түркия шекарасы аумағында орналасқан Кобани қаласындағы қақтығыстар кезінде қаза тапқандар саны 553 адамға жетті. Олардың 298-і «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырлары, деп жазады Хабар.кз.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, радикалдар шаһардың жартысын басып алған. Екі күн бұрын олар Кобанидің басты әкімшілік орталығын алды. Егер содырлар бұл қаланы толық жаулап алатын болса, Алеппо және Ракка провинцияларындағы күштерін біріктіріп, екі ел шекарасындағы ауқымды жерді бақылауға алмақ.