Көбейтұз, кесілген ағаштар және қоқыс жинау – Нұр-Сұлтанда экологиялық ертегілер жинағы жарық көрді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда «Гринэйктер хикаясы» атты экологиялық ертегілер жинағы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) операторына сілтеме жасап.

Көбейтұз, кесілген ағаштар және қоқыс жинау – Нұр-Сұлтанда экологиялық ертегілер жинағы жарық көрді

Балаларға арналған басылым бес бөлімнен тұрады, онда Таза қала сиқырлы шаһарының кішкентай және ержүрек тұрғындарының бастан кешкен оқиғалары баяндалады. Кітаптың тұсаукесерін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «ӨКМ Операторы» ЖШС және Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығы ұйымдастырған.

«Кітапта басты кейіпкерлер бейберекет шашылған қоқыстармен күресіп, қалдықтарды бөлек жинауды насихаттайды. Сондай-ақ, Көбейтұз қызғылт көлі мен жасыл желекті орманымызды қорғау жолдарын көрсетеді. Ертегінің жағымды кейіпкерлері арқылы балаларды игі істер мен табиғатқа ұқыпты қарауға, экологиялық педагогика әдісі негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу жатыр. ӨКМ Операторының қолдауымен жарыққа шыққан ертегілердің авторы – №83 мектеп-гимназиясының оқытушысы Асқар Мұқанов. Сондай-ақ ертегінің жарыққа шығуына сол мектептің бастауыш сынып мұғалімдері атсалысқан. Кітап қазақ және орыс тілдерінде жазылған», - деп хабарлады ӨКМ операторының баспасөз қызметі.

Ертегі кейіпкерлерінің образдары #Қайтаөңдеуге байқауында топ жарған суретші балалардың салған кейіпкерлерінен алынған. Суретші-иллюстратор Ирина Хван аталған кейіпкерлерге пішін беріп, оларды кітап беттеріне көшірген.

Авторлардың айтуынша, кітап отбасымен бірге оқуға арналған және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді. Экологиялық дағдыны қалыптастырып, тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды насихаттайды.


«Сонымен бірге, бүгін «Рожденные мечтать» комиксінің онлайн тұсаукесері өтті. Графикалық романда жасөспірімдер экологиялық мәселені шешу үшін күш біріктіреді. Комикс авторы – Нұр-Сұлтан қаласының лингвистикалық колледжінің студенті Ева Агафонова. Экологиялық ертегілер сериясы мен комикс ӨКМ Операторының «EcoQolday» экологиялық қозғалысы аясында дайындалды. Компания дарынды жастардың экологиялық жобаларын қолдауға әрқашан да ниетті. Экобілім беру жұмысы аясында экологиялық ертегілердің жаңа серияларын шығару, гринейктердің оқиғалары туралы анимациялық мультфильмдер мен балалар спектаклін дайындау жоспарлануда», - дейді компания.